Прокурорлар бас бостандығын шектеуден бөлек, мүлкін тәркілеу және 10 жыл бойы қайырымдылықпен айналысу құқығынан айыру түрінде жаза сұраған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Прокурор Арман Кезекеннің сөзінше, қылмысты ауырлататын жағдай бар. Ол – қылмыстың төтенше жағдай кезінде жасалуы.
Еске салайық, Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаева "үш эпизод бойынша алаяқтық жасады" деп айыпталып отыр. Мемлекеттік айыптаушылар Ғайни Алашбаеваны 8 жылға соттауды сұрады.
Бұған дейін қылмыстық істе 50-ге жуық жәбірленушінің бар екені белгілі болды.
Әрі Ғайни Алашбаеваның телефонындағы жазбалары да жұрттың ашу-ызасын тудырған еді.
Сондай-ақ, Перизат Қайрат пен анасының 3,5 миллиард теңгені қайда жұмсағанын да жаздық.