Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері тексерілуде

1770

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың нұсқауымен оның орынбасары Нұр-Сұлтан (ЕЦ-166/5) мен Ақмола облысының (ЕЦ-166/18, ЕЦ-166/25) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне аттанды. 

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері тексерілуде

ІІМ басшысының орынбасары Арыстанғани Заппаров мекеменің медициналық бөлімдерінің жабдықталуын тексерді, сотталғандар тұратын отрядтарда және өндірістік учаскелерде болды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Ол сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің ЕЦ-166/5 мекемесінің мектеп және кәсіптік-техникалық колледжінің жұмысымен танысты, сотталғандарды әртүрлі сұрақтар бойынша қабылдап, кездесу өткізді. Кездесу барысында министрдің орынбасары колониядағы оқыту және кәсіптік білім беру үшін жасалған жағдайлар еңбек етуге, жәбірленушілерге келтірілген зиянның орнын толтыруға, ең бастысы бостандыққа шыққан кезде тез әрі табысты бейімделуге ықпал ететінін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ІІМ бастамасымен депутаттар, мемлекеттік органдар, ҮЕҰ және халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен "Ашық диалог – пенитенциарлық жүйені реформалау құралы" атты форумы өтті.

Пенетенциарлық жүйені халықаралық стандарттарға жақындату, сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсарту, адам құқықтарын сақтау үшін форумға қатысушылардан жұмыс тобы құрылды. Бұл жұмыс тобы еліміздегі Қылмыстық-атқару жүйесін жаңғыртудың жол картасы әзірлеуде.

Жол картасына азаматтық қоғам өкілдері мен құқық қорғаушылардың 200-ге жуық ұсыныстары енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу