Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 3402 құқық бұзушылық анықталды

542

Бүгінгі таңда ҚАЖ мекемелерінде 22 мыңнан астам бейнекамера орнатылған.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 3402 құқық бұзушылық анықталды Фото: Polisia.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында қылмыстық-атқару жүйесі комитеті пенитенциарлық мекемелерде үздіксіз бейнебақылауды енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында бейнебақылау операторлары ұстау режимін бұзудың 3 402 дерегін анықтады. Ал өткен жылы 2 779 құқық бұзушылық болған. 

Тыйым салынған заттарды енгізудің 4 арнасы анықталды. Арнайы контингенттің 79 қақтығысы мен 9 топтық бағынбауы тоқтатылды. 13 суицид пен 3 қашу алдын алынды. Бір жылдың ішінде ҚАЖ мекемелерінде қызметкерлердің заңсыз әрекеттеріне қатысты шағымдар саны 4 есеге азайды. 

Сонымен қатар, мекемелерде үздіксіз бейнебақылауды енгізу сотталғандардың құқықтық жағдайын жақсартуға және құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алуға бағытталғанына қарамастан, сотталғандар 293 камераны істен шығарды. 

Ұстау режимін бұзушыларға қатысты келтірілген залалды өтеумен қоса 45 тәртіптік жаза қолданылды, 49 сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу