Қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріне 33 966 камера орнатылады

1071

Ішкі істер министрлігі түзеу мекемелері мен халықпен жұмыс істейтін полиция бөлімшелерін үздіксіз бейнебақылаумен қамтамасыз ету ісіне басымдық беріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың мәжілістегі үкімет сағатында сөйлеген сөзіне сілтеме жасап. 

Қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріне 33 966 камера орнатылады

"Ішкі істер басқармасының барлық бөлімшелері бейнебақылау жүйесін орнату бойынша белсенді жұмыс атқаруда. Іс барысында 16 658 камера орнатылады. Қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде 33 966 камера болады. Биыл бейнебақылаумен жұмыс істеу ортасы ең қиын 29 мекемені қамтимыз. Қалған мекемелерді қашықтан бейнебақылаумен қамтамасыз ету ісі 2023 жылы аяқталады", – деді министр.

Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, бейнебақылау камераларын орнату, ең алдымен, бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың құқығын, олардың қауіпсіздігін сақтауға және қорғауға, сондай-ақ сотталғандар мен мекеме әкімшілігі тарапынан болуы мүмкін құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу