"Осы күнге дейін қазақты көргенсіз деген сөзді естіп едік. Енді Мұқағалиға тиісіп жатыр. "Сорлы" деп айтып, арасына тағы бір бейәдеп сөзді қосып қояды. Сен кімсің өзі?! Ақиық ақынымызға тіл тигізетін кім едің?! Сондай сөздерді айтуға қалай дәтің барады?! Оның шығармашылығын түсіне алмасаң тиіспеу керек еді. Айтатын сөзім жоқ. Жігіттердің ұстап алып, жазалағаны дұрыс. Кешірім сұрау аздық етеді. Үстінен қылмыстық іс қозғалып, кем дегенде 10 тәулікке қамау керек. Қазақ әдебиетіне үлес қосқан ақын-жазушыларымызға ешкімнің тіл тигізуіне қақысы жоқ", – деп ашуланды ол.