Қылмыстық істі тергеу мерзімі қысқарады

1480

Ішкі істер министрлігі жыл соңына дейін 100% электронды тергеуге көшуі мүмкін.  Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде министр Ерлан Тұрғымбаев айтты,  деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қылмыстық істі тергеу мерзімі қысқарады

"Қылмыстық істерді электронды форматта тергеу тәжірибесіне басымдық беріп жатырмыз. Былтыр қылмыстық істердің 50%-ы, биыл 70%-ы электронды түрде тергелді. Министрлік жыл соңына дейін 100% электронды тергеуге көшуді жоспарлап отыр", – деді ішкі істер министрі. 

Ерлан Тұрғымбаевтың түсіндіруінше, бұл шара тергеу мерзімін қысқартып, азаматтардың Конституциялық құқықтарын бақылау мен қорғау деңгейін  арттырады. 

"Біз ТМД аумағында осы жобаны жүзеге асыруға бірінші болып кірістік", – деді Ерлан Тұрғымбаев. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу