Қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы күрес – БАӘ тәжірибесі

509

Қаржы Мониторингі агенттігі БАӘ мамандарымен кездесті.

Қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы күрес – БАӘ тәжірибесі Фото: inbusiness.kz

Қаржы Мониторингі агенттігі төрағасы Жанат Элиманов БАӘ-нің Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі атқарушы кеңсесінің Бас директоры Хамид Әл Заабимен кездесті. Кездесу Алматыда Еуразиялық Топтың 38-ші пленарлық апталығы аясында өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Кездесуге, сондай-ақ, БАӘ-нің Қаржылық барлау бөлімінің басшысы Али Файсал Ба'Алави, Бас операциялық директор Уалид Аль Ауадхи және коммуникациялар мен стратегиялық серіктестік жөніндегі Директоры Мохамед Шало қатысты.

"БАӘ-нің жасанды интеллектке негізделген IT-технологияларды енгізу тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырды. Қазақстан бұл тәжірибені аумақтық және халықаралық деңгейде заңсыз қаржылық операцияларды неғұрлым тиімді анықтау мақсатында зерделеуге ниетті", - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында тараптар бірлескен жұмысты жандандыру туралы келісімге қол жеткізді.

Айта кетерлігі, Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлерді Дубай Халықаралық қаржы орталығының академиясы базасында оқыту туралы мәселеге бастамашылық жасады.

Осы жылдың шілде айында Абу-Дабиде "Эгмонт" тобының пленарлық отырысы өтеді.

Тараптар бұл кездесудің қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы күресте екі елдің ынтымақтастығын дамытуға және нығайтуға жаңа серпін береді деген ниет білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу