Қылмыстық кодекске "мал ұрлау" деген жеке бап қосылды

1789

Мал ұрлығы 24%-ға азайды. 

Қылмыстық кодекске "мал ұрлау" деген жеке бап қосылды

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов барымташылар тиісті жазасын алып жатқанын мәлімдеді. 

"Ауыр қылмыстардың бірі – мал ұрлығы. Президент бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп отыр. Мал бүгінде халықтың байлығы емес, ол қашанда тіршіліктің көзі. Қазақ амандасқанда алдымен "мал-жан аман ба?" деп сұрайды. Оның мағынасы зор. Себебі қарапайым қазақ аздаған малымен жан бағып отыр. Соңғы жылдары мал ұрлығы кәсіпке айналып, ұйымдасқан қылмыс түрі болып кетті. Сондықтан Қылмыстық кодекске "мал ұрлау" деген жеке бап қостық. Ол нәтижесін беруде. Қазіргі күні мал ұрлығы 24 пайызға азайып отыр", – деді бас прокурордың орынбасары орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Марат Ахметжановтың айтуынша, жазаның қатаңдатылуы мен
татуласуға тыйым салу мал ұрлығына тосқауыл болды. 

"Биыл мамыр айында Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан 5 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Олар 200-ге жуық ірі қараны ұрлап, ауыл адамдарына миллиондаған шығын келтірді. 1 қыркүйекте мал ұрлығы туралы жаңа бап бойынша 5 адамның әрқайсысын 8 жылға бас бостандығынан айырылды", – деді бас прокурордың орынбасары. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу