Қылмыстық құқық бұзушылық кезінде жәбір көрген азаматтарға ақы төленеді

1289

Қылмыстық құқық бұзушылық кезінде жәбір көрген азаматтарға ақы төленеді

Келесі жылдың шілде айынан бастап, жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры құрылады, деп хабарлайды khabar.kz.

Тиісті заң жобасы сенаттың бірінші оқылымында қаралды. Ол негізінен қылмыстық құқық бұзушылықтар кезінде зардап шеккен азаматтарға алғашқы қаржылық демеу жасаудың көзі. Атап айтсақ жерлеу, емдеу, айықтыру және басқа да шараларға байланысты материалдық ауыртпалықтарды азайту. Көлемі 15-тен 30 айлық есептік көрсеткішке дейін болады. Қорға жылына шамамен 1 млрд теңге көлемінде қаражат жиналады. Заңда өтемақыға жұмсалған ақшаны қылмыскерден өндіріп алу тетіктері де қарастырылған.  

"Ары қарай соттың шешімдері бойынша қылмыскерден тартылады. Оның колонияда жұмыс істеп жүргенде өзінің жалақысынан төлейтін болады. Басқа да жолдар көзделген", - дейді ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу