Қылмыстық процеске үш буынды модель енгізіледі

1234

Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердің және жауапкершілік аймақтарының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қылмыстық процеске үш буынды модель енгізіледі

Заң жобасы қылмыстарды тез ашу, оларды жасаған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту және әділ сот талқылауын жүргізу мақсатында қылмыстық-процестік заңнаманы тиімді қолдануды көздейтін құқықтық тетіктерді оңтайландыруға бағытталған. 

Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті мүшелерінің мәліметінше, депутаттар прокурордың өкілеттігін нақтылауға, қылмыстық іс айыптау актісін жасау үшін прокурорда қаралып жатқан кезеңде күдіктіні қамауда ұстау мәселесін реттеудегі олқылықтарды жоюға қатысты және сот ісін жүргізуді оңайлату мен реттеуге бағытталған бірқатар түзету енгізді. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу