Қылмыстық топ Қазақстан аумағында террористік акті жасауға дайындалғаны үшін тергеліп жатыр

699

Қылмыстық топ Қазақстан аумағында террористік акті жасауға дайындалғаны үшін тергеліп жатыр

2018 жылғы 25 маусымда Орал қаласында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті радикалды діни топты ұстады, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Арнайы операция барысында 8 адам қолға түсіп, олардан атыс қаруы, оқ-дәрілер және діни материалдар тәркіленді.

Қылмыстық топ Қазақстан аумағында террористік акті жасауға дайындалғаны және терроризмді насихаттағаны үшін тергеліп жатыр.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын, өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайтынын мәлімдеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу