Ресейден Қостанай облысына "сұр" астық әкелген қылмыстық топ ұсталды

454

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Ресейден Қостанай облысына "сұр" астық әкелген қылмыстық топ ұсталды Фото: agroqogam.kz

Қостанай облысы бойынша ҚМА департаментінің қызметкерлері кіргізілген астық көлемін төмендетіп, Ресейден автомобиль көлігімен астықтың "сұр" импортымен айналысатын адамдар тобының қылмыстық әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Аталған тұлғалар 2021-2022 жылдар кезеңінде Өзбекстан Республикасына 500 млн теңгеден астам сомаға 4,8 мың тонна көлемінде ресейлік астықты экспорттаған. Бұл ретте, аталған астықты экспорттау кезінде халықаралық транзиттік тарифті төлеуден жалтару мақсатында, оны қазақстандық тауар ретінде отандық шаруа қожалықтарының жалған шот-фактураларын пайдаланып, ол 88 млн теңге мөлшерінде транзиттік тарифтен жалтаруға мүмкіндік берген", делінген хабарламада.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу