Қылмыстық топты басқарған шенеуніктер ұсталды

13347

Тағы да қылмыстық топты басқарған шенеуніктер ұсталды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Қылмыстық топты басқарған шенеуніктер ұсталды

Бұл жолы жемқорлар Көлік комитетінен шыққан. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік дерегінше, олар техпаспортты қолдан жасап, заңсыз саудалап келген. Ең сорақысы бұл қылмыс 4 жыл бойы жалғасып келіпті.

Автокөлікті техникалық байқаудан өткізу жай ғана жүргізушілерден қаржы жинаудың жолы. Темір тұлпар тізгіндеген тұрғындардың техникалық мүмкіндікті саралайтын орталықтарға беретін бағасы осы. Жүргізушілердің пікірінше, аталған жүйенің жұмысын дұрыс жолға қою керек. Немесе мүлде жауып тастаған жөн. Өйткені елдегі техникалық байқау орталықтарының дені тек қана құжат тарататын орталыққа айналып кеткен. Олар үшін көліктің жағдайы емес, тиісті қаржының төленуі маңызды.

Елімізде техникалық байқаудың құны көліктің қозғалтқыш көлеміне сәйкес белгіледі. Мәселен, темір тұлпар қозғалтқышының көлемі 3 мың текше сантиметрге тең болса 3 мыңнан 3 жарым аралығында төлейсіз. Яғни қозғалтқыш көлеміне сәйкес баға да өсе береді. Ең қымбаты 6 мың теңгеге дейін барады. Еске салайын, көлік құралдарын техникалық байқаудан өткізу қызметі 2011-ші жылдан бастап жекеменшік орталықтарға берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу