Қылмыстық топтың жетекшісі спортшыларға демеушілік жасап отырған

1121

Қылмыстық топтың жетекшісі спортшыларға демеушілік жасап отырған

90-жылдары "Ағайынды төртеу" деген лақап атпен елге танылғандардың бірі Еркін Ізбасаров қылмыстық топ құрып, оны басқарғаны үшін кеше Алматы қаласында ұсталған болатын. Негізінен Еркін Ізбасаров Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Ноғайты ауылынан. Ол қазіргі уақытта ақтөбелік спортшыларға демеуші болып, тіпті, биыл Рио олимпиадасына қатысқан Нұрислам Санаевты Қазақстанға әкеліп, оның жаттығуына бар жағдай жасаған екен, деп хабарлайды Baq.kz.

50 жастағы Еркін Ізбасаров арбаға таңылған. І топ мүгедегі өз еркімен жүре алмайды. Дегенмен, Ақтөбе облысындағы қоғамдық жұмыстарға, спорттық шараларға жиі қатысып, күні бүгінге дейін көптің көз алдында жүрді. Ол палуандарға ерекше қолдау көрсетіп, демеушілік етті. Соның бірі – Артас Саана. Ол соңғы жылдары аты-жөнін өзгертіп, Рио олимпиадасына қатысар алдында Нұрислам Санаев болды. Қазіргі уақытта палуан Алматы қаласында құрама команда жаттығуында жүр. Ақтөбе облыстық Олимпиада резервін даярлау ортылығының директоры Айнұр Қалиқызының айтуынша, таяу уақытта спортшы Ақтөбеге келмейді.

Нұрислам Санаев Олимпиадаға баратын палуандардың тізіміне қосылған кезде оның демеушісі Еркін Ізбасаров екені, палуан Ресейден Қазақстанға қоныс аударғаны белгілі болды. Палуандар мен боксшыларға демеуші болған қылмыстық топ жетекшісі өз қаржысын жұмсап, спортшыларды оқу-жаттығу жиындарына жіберіп отырған. Қазіргі уақытта да спорт саласының қызметкерлері, "спортшыларға демеуші болып жүрген жалғыз , еді" деп айтады.

"Еркін Ізбасаровты палуан, спортшы ретінде танимын. Әкесі Жұмаш ағай көп спортшыны жаттықтырған адам. Еркіннің өзі соңғы жылдары спортшыларға демеуші болып, күрестің көтерілуіне үлес қосқан еді. Ақтөбе көп жетістікке қол жеткізді. Ал, кешегі оқиғаны, әсіресе, мұнай ұрлығы, қылмыстық топ туралы естіп, таң қалып отырмыз", – дейді "Ер Бақыт" патриоттық спорт клубының жетекшісі Марат Қойлыбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу