Қылмыстық жолмен алынған капиталды заңдастыру бойынша жасалатын қылмыс түрі ұлғайды

574

Елімізде 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыруға (жылыстатуға) байланысты 42 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 55,6%-ға бірден көп, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz порталына сілтеме жасап.

Қылмыстық жолмен алынған капиталды заңдастыру бойынша жасалатын қылмыс түрі  ұлғайды Фото: baq.kz

Салыстыру үшін: өткен жылдың сәйкес кезеңінде республика бойынша секторда 27 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға аз.

Өңірлік тұрғыда мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтардың үштен біріне жуығы Алматыда тіркелген: 13 оқиға – бір жыл бұрынғыдан бірден 2,6 есе көп.

Одан кейінгі орындарда Алматы облысы (7 жағдай) мен Астана (6 жағдай) тұр..

Сектордағы құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының 20 өңірінің 15-інде тіркелген.  Жаңадан құрылған Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарында, сондай-ақ Қарағанды, Жамбыл облыстарында мұндай құқық бұзушылықтар тіркелген жоқ.

Биылғы  қаңтар-қазан айларында аталған құқық бұзушылықтар бойынша келтірілген шығынның белгіленген мөлшері 3 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан екі есеге көп.

Мемлекетке келген ең көп шығын -  2 млрд теңге, бір жыл бұрынғыдан бірден 31,6%-ға артық.  Тағы 1 миллиард теңгесі жеке тұлғаларға, 25 миллион теңгесі заңды тұлғаларға келтірілген залал.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу