Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп жазды inbusiness.kz.
Осылайша, Азаматтық кодекске эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға тыйым салуды белгілеу бөлігінде түзету, қаржы мониторингі агенттігіне шығарылған және брондалған билеттер туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде ұсыну туралы түзету алынып тасталды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, тұтастай алғанда заң жобалары заңнаманы және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін жетілдіру мақсатында әзірленген
"Биыл Қазақстан қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық Топтың (ЕАТ) өзара бағалауының екінші кезеңінен өтуі керек. ЕАТ іс-шарасы қаңтар оқиғаларына байланысты биылғы көктемнен күзге ауыстырылды", – деген еді Симонов.
Заңнамаға енгізілген өзгертулер терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген субъектілердің тікелей немесе жанама бақылауындағы қаражаты мен мүлкіне тыйым салуды көздейді. Бұл тізімге жаппай қару таратуды қаржыландыруға байланысты тұлғалар мен ұйымдар да кіреді.