Қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленді

1019

 Қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленді

Атырауда қарақшылық шабуыл жасағаны үшін айыпты деп танылған бес тұлғаға үкім шығарылды, деп хабарлайды №2 қалалық сотының баспасөз қызметі. 

Істің деректері бойынша шабуылға қатысушылардың бірі қомақты қаражат сақтаулы үйді анықтаған. Ақшаны тонау мақсатында өзінің таныстарын да жұмылдырған.  

Қарақшылар бірнеше күн бойы қылмыс жоспарын құрып, үй иелерін сырттай бақылаған. 27 сәуір күні таңертең қылмыскерлер үйге қарумен басып кіріп, отбасы мүшелерін байлап, сейфті тауып, ашқан. Сейфтегі ақшаны тонап, қашып кеткен, ұрланған қаражатты өзара бөліп алыпты. 

Сот үкімімен сотталушылар айыпты деп танылып, қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленді. 

Бірінші және екінші сотталушы алты жылға, тағы екеуі бес жылға, соңғысы 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу