Қылмысын мойындап, қайта барған қазақстандық елшілік бақылауында – СІМ

1174

Адам қаққаннан соң, Оңтүстік Кореядан қашып кеткен қазақстандық өз еркімен Сеулге барды.

Қылмысын мойындап, қайта барған қазақстандық елшілік бақылауында – СІМ

14 қазанда баланы қағып кетіп соңынан Оңтүстік Кореядан кетіп қалған Қазақстан азаматы тергеу іс-шараларына қатысу үшін Сеул қаласына өз еркімен ұшып барғандығын хабарлаған болатынбыз.

Еліміздің сыртқы істер министрлігі қазақстандық азаматтың келу барысы елшілік қызметкерлерінің бақылауында өткенін жеткізді.

"Дипломаттар жеке сұхбат барысында оның құқықтарын түсіндіріп, тергеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі ұстаным бағыты туралы кеңес берді. Қазіргі уақытта отандасымыз Чангвон қаласының тергеу изоляторында. Елшілік бұл мәселені үнемі бақылауда ұстауда",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу