Қымбат көліктерді шекарадан заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

1915

Жүк көліктеріне тиелген тауардың жалпы құны – 70 млн теңге. 

Қымбат көліктерді шекарадан заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Түркістан облысыда қымбат көліктерді шекарадан заңсыз өткізбек болған Қазақстан азаматтары ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 19 наурызда Б. Қонысбаев атындағы өткізу пунктінде Өзбекстаннан келген көліктерді тексеру кезінде шекара наряды 3 жүк көлігін ұстады. Оларға ілеспе құжаттары жоқ 6 шетелдік жеңіл көлік тиелген. Шекарадан тауарларды заңсыз өткізбек болғаны үшін Қазақстан азаматтары ұсталды", – деп жазылған хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша тауарлардың жалпы құны – 70 млн теңге. 

Ұсталған жүк Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу