Қымбат көліктерді ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

898

Үш облыстың аумағында қымбат шетелдік көліктерді ұрлаумен айналысқан аймақаралық қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қымбат көліктерді ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын белгісіз тұлғалардың оның "Тойота Камри" маркалы автокөлігін ұрлап кеткені туралы арызданыпты. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі "аса ірі көлемдегі ұрлық" бойынша СДТБТ-ға тіркеген.

Осыдан кейін Криминалдық полиция басқармасы мен Түркістан ҚПБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен тұратын жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктілерді жедел іздестіруге кірісіпті.

"Арнайы жүргізілген операция нәтижесінде біздің жедел уәкілдер 4 күдіктіні ұстады. Олардың төртеуі Ақтөбе облысының тұрғындары, оның ішінде екеуі деструктивті діни ағымның мүшелері болып шықты. Ұсталғандардың үшеуі бұрын қарақшылық және қару сақтағаны үшін сотталған. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу барысында қылмыстық топ мүшелерінің алдын-ала жоспарланған сызба бойынша әрекет еткені анықталды. Күдіктілер құны 10 миллион теңгеден асатын автокөліктерді арнайы сканерлеу құрылғысының көмегімен ашқан. Олар автокөлік иелерін бақылап, есіктерін ашқан кезде электронды құлыптарды сканерлеген. Сезіктілер қымбат көлікке қол жеткізгеннен кейін, оларды тұрақтан немесе көшелерден ұрлап, айдап әкеткен. Тергеу бүгінгі күні күдіктілердің автокөлік ұрлығының жалпы 5 дерегіне қатыстылығын анықтады. Олар 5 қылмыстың 2-ін Ақтөбе қаласында, 2-ін Түркістан облысында және 1-ін Қызылорда облысында жасаған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ күдіктілердің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда",- деді тергеу барысы мен автоұрыларды ұстау туралы оқиғаның басы-қасында жүрген ТО ПД бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Құрманбек Сахов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу