Қымбат нөмірлерді сату кезінде бюджетке 44 млн теңге түспей қалған

961

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

Қымбат нөмірлерді сату кезінде бюджетке 44 млн теңге түспей қалған

Шымкентте қымбат нөмірлерді сату кезінде бюджетке 44 млн теңге түспеген, деп хабарлайды inbusiness.kz

Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті қымбат нөмірлерді сату кезінде бюджетке 44 млн теңге түспегенін анықтады.

"Уәкілетті органды тексеру барысында 148 көлік иесіне қымбат (VIP) нөмір берілгені белгілі болды. Алайда бюджетке 44,4 млн теңге түспеген. Сондай-ақ 130 жүргізуші көлігін бастапқы тіркегені үшін қазынаға 123,2 млн теңге төлеуі керек болған. Алайда бұл қаржы да төленбеген. Қазақстан аумағына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат бергені немесе ұзартқаны үшін 155,1 млн теңге жеке табыс салығы бюджетке түспеген. Жалпы мемлекет қазынасына 320 млн теңге түспеген", - деп жазылған Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) таратқан хабарламада. 

МКК бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

"Бұл факт бойынша Шымкент қаласының прокуратурасы қылмыстық іс қозғады. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды", - деп жазылған хабарламада. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу