Қымбат темекіге де байлық салығы салынуы мүмкін

213

Егер темекінің бір данасы 10 мың теңгеден қымбат болса, салығы акциз түрінде 10 пайызға жоғары төленеді.

Қымбат темекіге де байлық салығы салынуы мүмкін Фото: kgd.gov.kz

Ұлттық экономика министрлігі кеден және салық саясаты департаментінің директоры Ерлан Сағнаев "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы жаңа Салық кодексін таныстыруға арналған іс-шарада байлық салығының ішімдік пен темекіге қатысты мөлшерлемесі қандай болатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Сондай-ақ, қымбат темекі, қымбат алкогольдік өнім деген сияқты акциздік өнімдер бар. Егер темекінің бір данасы 10 мың теңгеден қымбат болса, салығы акциз түрінде 10 пайызға жоғары төленеді. Ал қымбат алкогольдің 1 литрі жарты миллион теңгеден асса, акциз түрінде 10 пайыз жоғары төлейді", - деді министрлік өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу