Қымбатшылық басшыны қызметінен кетірді

505

Ақтөбеде халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы прокурорлық тексерістен соң қызметінен босатылды.  

Қымбатшылық басшыны қызметінен кетірді

Бұл туралы Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасы мәлімдеді. Ал тексеріске орталықтағы қымбатшылық негіз болыпты.

Нақты айтқанда, тұрғындар  халыққа қызмет көрсету орталығындағы медициналық тексерумен айналысатын жеке компания бағаны шамадан тыс асыратынына шағымданған. Мысалы, наркологтан анықтама алу үшін 500 теңге, ал басқа да медициналық қызмет үшін 8 000 теңге алған. Ал Денсаулық сақтау министрлігі наркологтың қабылдауы үшін  баға 1 015 теңгеден аспауы тиіс деп бекітілген. Қызметке жүгінгендердің дені- жүргізуші куәлігін алатындар екен.

Серіктестіктің медициналық қызмет көрсетуге  лицензиясы және  санитарлық қорытындысы болған жоқ. Прокуратура шараларымен серіктестік лицензиялау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, рұқсат құжаттарынсыз медициналық қызмет көрсету шарты бұзылды. Мамандандырылған ХҚКО басшысы атқаратын қызметінен босатылды, – дейді Ақтөбе қаласы Алматы ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Есет Әзімов.

Бұған дейін Ақтөбе облысының полициясы дәл осы орталықта азаматтарға 200 мың теңге ақшалай сыйақы үшін жүргізуші куәлігін алып берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстағанын хабарлаған еді.

Зада Зейін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу