Бұл туралы Мәжіліс депутаты, "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі Ғалым Әміреев Премьер-Министрдің орынбасарына жолдаған депутаттық сауалында айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
"Бізге кемінде жарты жыл-бір жылға арналған баға болжамы қажет, сонда ғана біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тізгіндей аламыз. Біздің сауалымызға бірде-бір ведомство бағаны болжаумен айналыспайды деп жауап берді. Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктерінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар, бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттіктердің құрылымдарында азық-түлік бағаларын талдау мен болжаудың қолданыстағы жүйесі жоқ деген жауап берілді. Бүгінде қажетті инфрақұрылым бар, қаржыландыру мәселесі шешіліп жатыр, жылдан жылға біз тұрақтандыру қорларын қаржыландыруды ұлғайтудамыз. Алайда басқару мен болжаудың бірыңғай орталығы, нақты жұмыс жоспары жоқ, бағаның әрбір күрт өсуінен кейінгі салдармен ғана күрес жүргізіледі. Бағаны тежеу жөніндегі жұмыстағы сәтсіздіктер үшін жауаптылық көзделмеген. Яғни қашан әрі не сатып алу және проблемаларды қалай шешу керек екені туралы нақты сигнал беретін елде ешкім жоқ", – деді Әміреев.
Оның айтуынша, агроөнеркәсіптік кешеннің болжамдық-талдамалық орталығын құру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағаларына жауапты бір мемлекеттік органды айқындау керек.