Қымбатшылық бойынша Қазақстан ЕАЭО-да алда

538

Қазақстан екінші жыл қатарынан азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар инфляциясы бойынша ЕАЭО-да бірінші орында.  

Қымбатшылық бойынша Қазақстан ЕАЭО-да алда Фото: international.expert

Одақ бойынша біздегі азық-түлік бағасы ең жоғары және басқа елдермен салыстырғанда қымбаттап келеді, деп хабарлайды Atameken Business телеарнасы.

Еуразиялық экономикалық комиссияның дерегі былтыр Қазақстанда тұтынушылық азық-түлік тауарларының бағасы 15,2%, ал жалпы одақ бойынша бар болғаны 5,7% өскенін көрсетті. 2022-ші жылы да жалпы одақ бойынша азық-түлік 15,4%, ал бізде 19%-ға қымбаттады.

Мамандар: "Бұған елдегі экономикалық жүйенің дұрыс құрылмауы себеп. Салдарынан нарықты өнім өндірушілер емес, алып-сатарлар жаулап қымбатшылық қолдан жасалып отыр", - дейді олар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу