Қымбатшылық мәселесін күн тәртібінен шығарамыз – Ердоған

773

Кеше Түркияның жаңа құрамдағы министрлер кабинетінің алғашқы отырысы өтті. 

Қымбатшылық мәселесін күн тәртібінен шығарамыз – Ердоған Фото: Anadolu Agency

Президент Ердоғанның төрағалығымен өткен әрі төрт жарым сағатқа созылған жиында экономикадан бастап күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Жаңа министрлер кабинетінің алғашқы отырысында елді одан әрі дамытудың жол картасын әзірлеу, ақпан айындағы жер сілкіністерінің зардаптарын жою, экономиканы жақсарту шаралары, терроризммен күрес және шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Жиын барысында Ердоған елдегі қымбатшылыққа тоқталып, мәселеден хабардар екенін айтты әрі халықты бұл тығырықтан шығарудың жолын қарастырып жатырмыз деді:

- "Біз елдегі қымбатшылық және шарықтаған баға мәселесін күн тәртібінен алып тастауға бел будық", - дей келе: "Мамыр айында экономикалық сенім индексі 103,7-ге көтерілді. Өнеркәсіп өндірісінің индексі де 50-ден асты. Инфляция 40 пайызға түсті. Инфляцияны бір таңбалы санға түсіргеніміздей, тағы да сол көрсеткішке жетеміз", - деді өз сөзінде.

Енді бір аптадан кейінгі жиында президент министрлердің ұсыныстарын тыңдайтын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу