Тоқаев Азия елдеріне "кеңесіп" тұрсақ дейді

1257

Мемлекет басшысы Орталық Азия және Үндістан басшыларына Ауыл шаруашылығы министрлерінің кеңесін өткізуді ұсынды.  

Тоқаев Азия елдеріне "кеңесіп" тұрсақ дейді

Ол әлемде азық-түлік бағасы қымбаттап, инфляция өршіп бара жатқанына алаңдайтынын байқатты.

"Азық-түлік нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету елдеріміздің экономикалық қауіпсіздігінің және кезең-кезеңмен дамуының маңызды шарты болып қалады. Әлемде негізгі азық-түлік бағасының тұрақты түрде өсу тенденциясы байқалады. Инфляция өте жоғары. Олардың құнының мұнан ары да арту мүмкіндігі әлеуметтік-экономикалық күйзелістер және жеткізу тізбегінің бұзылу қатері күшейді. Сондықтан біздің диалогымыздың аясында агротехнологиялық және ғылыми-инновациялық өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі іс-шаралар әзірлеу жақсы болар еді. Ауыл шаруашылығы министрлерінің тұрақты кеңесін өткізу де пайдалы болмақ", – деді ҚР Президенті.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет ұйымдастырылып отырған "Орталық Азия – Үндістан" атты онлайн саммитке қатысып жатыр.

Жиынға Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди бастамашы болды.

Басшылар Орталық Азия елдері мен Үндістан арасындағы түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтудың және кеңейтудің перспективаларын талқылайды.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысының хабарлауына қарағанда, жиын қорытындысы бойынша "Орталық Азия – Үндістан" атты бірінші саммиттің Декларациясы қабылданады деп жоспарланған.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу