"Қымбатшылықтан халықтың шынымен үңгірде өмір сүргісі келіп кетті"

1193

"Дүкендердегі бағаның көтерілгені соншалық, енді қарақұмық жармасын "қарақұмық уылдырығы", ал тауық жұмыртқасын "Фаберже жұмыртқасы" деп атау керек". Бұл – мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловтың айтқаны. 

"Қымбатшылықтан халықтың шынымен үңгірде өмір сүргісі келіп кетті"

"Мемлекет басшысы атап өткендей, инфляцияның жоғарылауынан экономикалық және әлеуметтік саясаттың тиімділігі төмендеді. Ресми статистикаға сай, былтыр инфляция 8,4% болды. Ал шын мәнінде одан әлдеқайда жоғары. Алдарқатудың қажеті жоқ. Коммуналдық төлемдердің қымбаттауынан халықтың баяғыша үңгірде өмір сүргісі келіп кетті. Қарақұмық жармасын қарақұмық уылдырығы, ал тауық жұмыртқасын Фаберже жұмыртқасы деп атайтын кез келді. Ұлттық Банктің сауалнамасына сүйенсек, халықтың 58%-ы баға 16-20%-ға өсіп кетті деп санайды", – деді Жамалов мәжіліс отырысында.

Ол үкіметтің бағаны ұстап тұру бойынша қабылдаған шаралары жеткіліксіз екенін атап өтті.

"Үкімет сұйытылған газ, бензин және дизель отынына бағаны 180 күн мерзімге реттеуді, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша бағаны реттеуді, коммуналдық тарифтерді 180 күн мерзімге көтеруге мораторий енгізді. Бұл дұрыс, бірақ уақытша шешім", – деді депутат.

"Инфляция – жаһандық проблема. Тіпті дамыған елдерде де баға көтерілді. АҚШ-та 40 жылда алғаш рет инфляция 7%, Германияда 6% болды. Энергия қымбаттап, салдарынан минералды тыңайтқыштар өндірісі, одан барып азық-түлік бағасы өсті. Қазақстан азық-түлік импортына тәуелді. Ал азық-түлік әлі де қымбаттай түспек. Қазақстандағы азық-түлік тауарларының импорты $3 млрд-тан асады. Бұл инфляцияның дәл осындай көлемдегі сөзсіз импортын білдіреді. Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін біз осы тауарларды Қазақстанда өндіруді және шығаруды жолға қоюымыз қажет", – дейді Жамалов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу