Экспо-2017, Рамазан айы, артынан ораза айт басталған маусым айында Астанада кейбір азық-түлік тауарлары біраз қымбаттады, деп хабарлайды elorda.info.
Energyprom.kz зерттеулеріне сенсек мамыр айымен салыстырғанда қырыққабат 17,9 пайызға, қызылша 17, пайызға, картоп 12,4 пайызға, сәбіз 6.8 пайызға көтерілген. Салыстырмалы түрде алсақ, жалпы еліміз бойынша қырыққабат 17,2 пайызға, қызылша 6,1 пайызға жоғарылаған. Ал, маусымдық көкөністер тұрғындарға арзанырақ түскен:қызанақ пен сарымсақ 19-20 пайыз, қияр 4 пайыз. Ораза мен айт мерекесі, "ЭКСПО-2017" көрмесінің ашылуы болған айда сәбіз бен қырыққабат республика бойынша орта есеппен алғанда 17-18 пайызға, қой еті 21,5 пйызға көтерілген.
Астана әкімдігі бағаның көтерілуі ЭКСПО-ға байланысты емес, маусымдық қордың азайуынан екенін алға тартады. Қазіргі уақытта қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы бағаның негізсіз қымбаттауына жол бермеу үшін іс-әрекет жасап жатыр. Ол үшін азық-түлік тауарларының тұрақты қоры құрылып, қымбаттау қаупі жоғары өнімдер алдын ала сатып алынады.