"Ішімдік емес, қымыз іштім": Қостанайдың бас имамы мас күйінде көлік тізгіндеп, қамауға алынды

5089

Оған 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы да тағайындалды.

"Ішімдік емес, қымыз іштім": Қостанайдың бас имамы мас күйінде көлік тізгіндеп, қамауға алынды Фото: Бахытбек Нұрғабылұлының жеке парақшасынан

Қостанай облысының бас имамы Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы Бурабайдағы түнгі клубтардың бірінен шығып, масаң күйде көлік айдап бара жатқан жерінде ұсталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол сот отырысында өз кінәсін мойындамай, қымыз іштім деп ақталған. Алайда медициналық куәландыру мешіт қызметкерінің алкоголь ішкенін растады.

Сот шешімімен Қостанай облысының бас имамы кінәлі деп танылды. Оған қоса, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Сондай-ақ 15 тәулікке қамауға алынды.

"Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылсын, оған осы бап бойынша 15 тәулікке қамаққа алу және 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалсын", – делінген сот қаулысында.

Ал ҚМДБ Қостанай қаласының бас имамы Бахытбек Тәжімбет туралы ақпаратты ресми сайтынан өшіріп тастаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу