Қымыз пісу Гинесстің рекордтар кітабына енді

2319

Әлемде алғаш рет қымыз пісу бойынша рекорд орнатылды.

Қымыз пісу Гинесстің рекордтар кітабына енді

Ол үшін 1000-нан астам Жаңаарқа ауданының тұрғыны біз уақытта 10 мың литр қымыз пісті. Ерекше акцияға қатысушылар 12 ауыл мен 2 кенттен жиналған. Рекордты арнайы келген халықаралық сарапшылар ресми түрде тіркеп, жетістікті куәландыратын сертификатты табыс етті.

Мамандардың пікірінше мұндай рекордты қайталау оңай емес. Себебі, қымыз пісуге арналған күбі халық арасында сирек кезеседі. Сол себепті тұрмыстық жабдықты үлкен көлемде жинау өте қиынға соққан.

Аталмыш шара Жаңаарқа ауданының 90 жылдығы мен Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойын тойлау аясында атқарылды. Рекорд орнату бастамасын жергілікті кәсіпкерлер көтеріп, аудан фермерлері қолдау көрсеткенін де айта кеткен жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу