Kyoto Animation студиясына қасақана қойылған өрт 36 адамның өмірін жалмаған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kyodo News-ке сілтеме жасап.
Жантүршігерлік жағдайға себеп болған 46 жастағы Синдзи Аоба 2024 жылдың қаңтарында өлім жазасына кесілген-ді. Бірақ, одан кейін айыпталушы апелляциялық шағым түсіріп, өз құқығын қорғаған. Аобаның дүйсенбі күні өз өтінішін қайтарып алғаны белгілі болып отыр.
Осылайша, оның өлім жазасы расталған.
Оқиғаға қатысты Аобаның адвокаттары әлі мәлімдеме жасамаған.
Қаулыда оқиғаның былайша өрбігені баяндалады. Ер адам 2019 жылдың 18 шілдесінде сағат 10:30 шамасында 70 қызметкер жұмыс істеп жатқан Кyoto Animation студиясының ғимаратына кірген. Ол бензин арқылы ғимаратты өртеп, салдарынан 36 адам тауып, тағы 32 адам әртүрлі дене жарақат алады.
Аоба оқиғадағы өз қылмысын мойындағандықтан, қоғам тарапынан "оның ақыл-есі дұрыс па, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін бе?" деген сұрақтар болған.
Айыпталушы бұл шабуылға Kyoto Animation студиясы "байқауға қатысқан романды көшіріп алды" деп ойлағандықтан барған. Оның қорғаушысы психикалық тұрақсыз және сандырақпен ауыратынына сендірген.
Сот шынымен де Аобаның сандырақтан зардап шеккенін, бірақ бұл оның мінез-құлқына аз әсер еткенін және сотталушының сол кезде "есі дұрыс емес немесе ойлау қабілетінің төмендеуі" болмағанын жариялаған.
Kyoto Animation – әлем бойынша аниме әуесқойлары арасында, әсіресе "K-On!" және "Харухи
Сузумияның меланхолиясы" шығармаларымен ерекше танымал студия.