Қырғыз астанасы астында сауда-логистикалық қала салынады

199

Жобаны Қырғыз-Қытай инвестициялық холдингі іске асыратын болады. 

Қырғыз астанасы астында сауда-логистикалық қала салынады Фото: Қырғызстанның министрлер кабинеті

Бішкек маңында Манас сауда-логистикалық қаласын салу жоспарлануда, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аламудун ауданының әкіміне (әкімшілік басшысына) құрылысқа 49 жылға 456 гектар жер беру тапсырылды.

Бұл ретте басқарушы компания үлесінің 51%-ы инвесторға, 49%-ы республика Үкіметіне тиесілі болады. Болашақ қаладағы тұрғын үйдің 10%-ы мемлекетке беріледі.

Осы жоба бойынша келісімге Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаровтың Қытай делегациясымен жуырдағы кездесуі барысында қол қойылды.

Манас құрамына сауда қаласы, халықаралық көрме орталығы, бонд аймақтары бар қойма және логистикалық қамтамасыз ету орталығы, ірі жабдықтардың маркетплейстері, тұрғын үй және қонақ үй кешендері кіреді.

Инвестиция көлемі $700 млн құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу