Қырғыз баласы "Крокустағы" лаңкестік шабуыл кезінде 100-ден аса адамды аман алып қалған

26765

Бүкіл Ресей жұрты 15 жастағы Ислам Халиловтың көзсіз ерлігін жарыса жазып, қызу талқылауда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қырғыз баласы "Крокустағы" лаңкестік шабуыл кезінде 100-ден аса адамды аман алып қалған Фото: Бейнежазбадан

Ата-анасы – қырғыз, өзі Ресейде дүниеге келген. Мұнда көшіп келгендеріне біраз уақыт болған.

Ислам бос уақытында "Крокуста" киім ілуші болып жұмыс істеп жүрген.

"Адамдар топырлап кетті. Оларды жақсы түсінемін. Мен де бірден қашқым келді. Алайда бәрін нұсқаулыққа сәйкес істедім. Қонақтарды дереу сыртқа шығарып, артынша өзім шығуым керек деп ойладым. Адамдарды ғимараттан алып шығып бара жатқанда соңынан еріп жүрдім. Себебі артымызда ешкімнің жоқ екеніне және басқалардың қалып қоймағанына көз жеткізгім келді", – дейді ол. 

Оның сөзінше, бұған дейін қызметкерлерге төтенше жағдай кезінде не істеу керектігі туралы нұсқау берілген.

Ислам абдырап қалған адамдарды байқап, дереу әрекетке көшкен.

@inbusiness_kz

Ислам Халилов 15 жаста екен. Ұлты – қырғыз. Өзі Ресейде дүниеге келген. Ол "Крокуста" киім ілуші болып жұмыс істеген. Оқиға кезінде жүзден астам адамды қауіпсіз жерге шығарған.

♬ Paris - 3Hzwave
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу