Қырғыз депутаттары уран өндіруге қарсы

935

120 депутаттың 90-ы уранды барлауға және кен орнында қазба жұмыстарын жүргізуге қарсы дауыс берді.

Қырғыз депутаттары уран өндіруге қарсы

Қырғызстан парламенті елде уран өндіруге тыйым салынсын деген шешім қабылдады. 120 депутаттың 90-ы уранды барлауға және кен орнында қазба жұмыстарын жүргізуге қарсы дауыс берді. Енді Ыстықкөлдің жағалауындағы "Таш бұлақ" кен орны жабылады. Ол жерде жұмыс жүргізген кәсіпорынның лицензиясы күшін жойды.

Естеріңізге сала кетейін, оған халық наразылығы себеп болды. Алдымен Бішкек, кейін Чуй, Ыстықкөл, Нарын облысының тұрғындары шеруге шығып, үкіметтен мәселеге назар аударуды талап еткен.

Қырғызстанда уран 1950-70-шы жылдары өндірілген. Кейін қор таусылған соң, жұмыс тоқтады. Ал басқа кен орындарын барлауға күрделі технология қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу