Қырғыз елінде 19 қыркүйек аза тұту күні деп жарияланды

552

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Жарлыққа қол қойды.

Қырғыз елінде 19 қыркүйек аза тұту күні деп жарияланды

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров 19 қыркүйекті Тәжікстанмен шекарадағы қақтығыстарда қаза болғандарды ұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес 19 қыркүйек республикада ұлттық аза тұту күні болып жарияланды", – деп хабарлады ел президентінің баспасөз қызметі.

Ұлттық аза тұту күні елдің барлық аумағында, сондай-ақ шетелдегі дипломатиялық және консулдық мекемелердің ғимараттарында Қырғызстанның мемлекеттік тулары түсіріледі. Мәдениет мекемелері мен телерадиокомпанияларға ұлттық аза тұту күні ойын-сауық іс-шаралары мен бағдарламаларын тоқтату ұсынылды.

Қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс 14 қыркүйекте басталды. Екі елдің әскери қызметшілері арасындағы атыс Қырғызстанның Баткен ауданында болған. 16 қыркүйекте атыстар Баткен облысының Лейлек және Баткен аудандарында және Ош облысының Чон-алай ауданында жалғасты.

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, атыс салдарынан 36 адам қаза тауып, 134 адам жарақат алған. Төтенше жағдайлар министрлігі қақтығыс аймағынан 136 мыңнан астам азамат эвакуацияланғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу