Қырғыз еліне президент тұрақтамайтын болды

783

Көршің тыныш болса, көңілің де тыныш.  

Қырғыз еліне президент тұрақтамайтын болды

Ал көршіңнің үйінде ұрыс-жанжал болып жатса өзіңнің де берекең қашады, деп хабарлайды Atameken Business.

Жанымыздағы қырғыз елінде ішкі саяси мәселелер мәз болмай тұр. Республика тұрғындарының алған бетінен қайтпай, билікті баса-көктегені соншалық, президенті екі қолын төбесіне қойып безіп шықты. Қырғызстан Президенті айналасы оншақты күнде отставкаға кетіп тынды. Қырғызстанның бұрынғы президенті Сооронбай Жээнбеков өзінің отставкаға кетуін елдің тыныштанғанын қалайтынымен түсіндірді. Ол дау тудырған парламент сайлауы мен оның қорытындысы жоққа шығарылғанымен, халық толқыны басылы қоймағанын айтты. "Қысым бәсіңсімей тұр, екі жақты жанжалға таяу қалып тұр" деді экс-президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу