Қырғыз елінің бұрынғы басшылары бас қосып бір-біріне деген өкпе-реніштерін кешірді

554

Қырғыз Президенті Садыр Жапаров елдің барлық бұрынғы президенттерінің басын қосып, кездесу өткізіпті.

Қырғыз елінің бұрынғы басшылары бас қосып бір-біріне деген өкпе-реніштерін кешірді Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Жапаровтың баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаев мәлімдеді.

Кездесуге Асқар Ақаев, Құрманбек Бакиев, Роза Отынбаева, Алмазбек Атамбаев, Сооронбай Жээнбеков қатысқан. 

Белгілі себептерге байланысты кездесу бейтарап аймақта өткен. 

Экс-президенттер сол кездесуде бір-біріне деген өкпе-реніштерін кешіріпті. Ұлттық болашағы үшін күш біріктірейік деп келісіпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу