Қырғыз елінің президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

913

Қырғыз елінің президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Қырғыз Республикасының жаңа президенті Сооронбай Жээнбеков ресми сапармен Қазақстанға алғаш рет келмек. Сапар желтоқсан айның 25-26-ы күндеріне белгіленіп отыр. Қырғыз президентінің ішкі саясат басшысы хабардар еткендей тараптар шағын және кең құрамда кездесулер өткізеді.

Назарбаев пен Жээнбеков ең алдымен Еуразиялық Одақ аясындағы екі жақты келісімдерді талқылайды деп күтілуде. Сонымен қатар, қырғыз-қазақ шекарасына қатысты құжатқа қол қойылады деп жоспарлануда. Бұған қоса екі ел арасындағы 1241 шақырымға созылып жатқан шекараны демаркациялауға қатысты құжат бекітілмек. Айта кетейік қос мемлекет басшылары Астанадағы кездесуден соң ТМД елдері басшыларының отырысына қатысу үшін Мәскеуге аттанады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу