Қырғыз қабылдамаған көмектің қайда жұмсалатыны белгілі болды

869

Қырғыз қабылдамаған көмектің қайда жұмсалатыны белгілі болды

Үкімет биылғы жылды қосқанда 3 жылға өзгертілген бюджетті нақтылауды жоғары палатаға әкеліп, сенаторлар мақұлдауын алды.

Негізі мемлекет шығыстары есептелген құжат жыл басында бекітілген болатын. Бірақ соңғы жағдайларға орай оны өзгертуге тура келіп отыр. Мәселен, Қазақстан тарапынан теxникалық көмек ретінде берілетін 100 млн доллардан, яғни 34 млрд теңгеден Қырғызстанның бас тартуы. Нәтижесінде қаржы министрлігі 2017-2019 жылдарғы бюджетті қайта түзіп, шығыстарды арттырған. Әйтпесе, бұған дейінгі жоспарды 14 млрд теңгеге қысқартуға тура келген. Сонымен, ендігі бюджет 11 трлн 177 млрд теңгені құрады.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов қырғыздардан қайтарып алынған ақшаны 3 салаға жұмсауға ниетті. 4 млрд теңге рухани жаңғыру бағдарламасына берілсе, 33 млрд теңге әскерилер мен ішкі істер қызметінің жалақысын өсіруге бағатталады. Бұдан бөлек, 22 млрд теңге Назарбаев универсиетінің қосымша құрылыстарын аяқтауға, ал 20 млрд теңге ЭКСПО-дағы павильондардың кем-кетіктерін қалыпқа келтіруге бөлінуге тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу