Сөздерінше, Ресейге бет алған транзиттік жүкті біздің ел арқылы өткізу әжептәуір қиындап кеткен. Көліктер бекеттерде апталап тұрады, салдарынан тауар бүлініп жатыр, ал тексеріс кезінде кеденшілер өнімді жерге лақтырады, - дейді. Шағымдарын экспортерлер Қырғызстанның экономика және коммерция министрлігіне жолдаған. Қырғыз кәсіпкерлері жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің 90 пайызын экспорттайды екен. Кәсіпорындардың дені Ресейдің желілік дүкендерімен жұмыс істейді. Көрші ел өндірушілері тапсырысты 1 аптаға кешіктірудің өзі оларды қып-қызыл шығынға батырады,- деп дабыл қақты. Ол ол ма, келісімшарттардан айырылып қалу қаупімен қатар, тауарды уақтылы жеткізбегені үшін айыппұл төлеуге де мәжбүр.