Қырғыз-қазақ шекарасында шамамен 120 жүк көлігі тоқтап тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметіне сілтеме жасап.
"Ақ тілек – автожол" өткізу пунктінде көліктер тұрып қалған. Тексерістен өту үшін кезекте 120-ға жуық жүк көлігі тұр",– деп жазылған хабарламада.
Қырғызстан шекара қызметінің мәліметінше, көліктердің тоқтап қалуы жүк ағынының артуымен байланысты. Қырғыз-қазақ учаскесіндегі басқа өткізу пункттерінде мұндай жағдай байқалмаған, жағдай тұрақты.
Сондай-ақ ведомство бос жүк көліктері Қырғызстаннан Қазақстанға "Кен-Булун – автожол" өткізу пункті арқылы бара алатынын атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу