"Ақ тілек-автожол" өткізу пунктінің аумағында шекаралық бақылаудан өту үшін кезекте 300-ге жуық жүк көлігі тұр, 25-ке жуық машина жетіспейтін құжаттарды күтіп тұр", – деп хабарлады шекара қызметінен.
Олардың мәліметінше, "Чалдыбар-автожол" БӨП-де 70-тен астам жүк көлігінің тізілгені байқалады.
"Кезек жиналуы Қазақстан тарапының көлікті баяу өткізуіне байланысты. Бұл ретте Қазақстан тарапы бір жақты тәртіппен көлік құралдарын өткізуді белгілі мерзімде жүргізеді. Бүгін сағат 03:30-дан 07:30-ға дейін жүк көлік құралдарын өткізу жүзеге асырылған жоқ", – деп атап өтті шекара қызметінен.
Басқа өткізу пунктерінде кезек жоқ. Қырғыз тарапынан жүк тасымалдаушылар үшін шекаралық бақылаудан өту кезінде шектеулер жоқ.