Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметінің мәліметінше, "Ақ-Тілек" бақылау-өткізу бекетінде 200-ге жуық жүк көлігі тұр. Сондай-ақ "Чон-Капка-автожол "бақылау-өткізу пунктінде 80 жүк көлігі, "Чалдыбар-автожол" бекетінде 60-қа жуық, "Кен-Булун-автожол" бекетінде 65-ке жуық жүк көлігі жиналып қалған.
Шекара қызметі көлік кептелісінің себебін "Қазақстан тарапынан жүк көліктерін баяу өткізуімен" байланыстырды, әрі басқа өткізу бекеттерінде жүк көліктерінің жиналмағанын атап өтті.
Ведомство қырғыз-қазақ шекарасындағы жағдай тұрақты екенін жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу