Қырғыз-қазақ шекарасында бір адам оққа ұшты

1511

Қазақстан аумағына мал айдап өтпек болған белгісіз үш адамды қырғыз шекарашылары ұстамақ болғанда, олар қарсылық танытқан.

Қырғыз-қазақ шекарасында бір адам оққа ұшты

Қырғызстан шекарашылары қырғыз-қазақ шекарасында Қазақстан аумағына өтпек болып, қарсылық білдіргендерге оқ атты. Олардың бірі жарақат салдарынан сол жерде қайтыс болып, екеуі жасырынып үлгерген, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтемемен.

Баспасөз қызметінің өкілдері 23 қаңтар күні Қырғызстанның солтүстігіндегі Талас облысы Манас ауданының Жайылған деген жерінде белгісіз үш адам Қырғызстанның мемлекеттік шекарасынан Қазақстанға заңсыз жылқы табынын айтап өтпек болған.

"Тәртіп бұзушылық орын алған жерге  шекарашылар жасағы келіп, оларды ұстамақ болды. Алайда белгісіз адамдар шекарашыларға қарсылық көрсетіп, суық қару қолданған", – дейді ақпарат берушілер.

Қарсылықты тоқтату үшін, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шекарашылар көкке қаратып ескерту оғын атқан, алайда тәртіп бұзғандар қарсылық көрсетуді жалғастырған.

"Осыған байланысты шекарашылар жасағы оқ атуға мәжбүр болды. Оның салдарынан біреуі жарақаттанып, кейін қайтыс болды. Ал екеуі Қазақстан аумағына өтіп, жасырынып үлгерді", – деп хабарлады МШҚ баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері болған оқиға жайында Қырғызстан мен Қазақстанның тиісті мемлекеттік органдарына хабарланып, тергеу және іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу