Қырғыз-қазақ шекарасында жүздеген жүк көлігі тұрып қалды

1092

Бүгінде қос елдің шекарасында 7 өткізу пункті жұмыс істейді.

Қырғыз-қазақ шекарасында жүздеген жүк көлігі тұрып қалды

Қырғыз-қазақ шекарасында шамамен 100 жүк көлігі тұрып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметіне сілтеме жасап.

"Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы "Ақтілек-автожол" өткізу пунктінде шекаралық бақылаудан өту үшін кезекте 100-ге жуық көлік тұр. Оның ішінде 30-40 көлік бос контейнер тиеген, қалғаны халық тұтынатын тауарларды, азық-түлік өнімдерін тасымалдайды", – деп жазылған хабарламада.

Шекара қызметінің мәліметінше, жүк көліктерінің шекарада тұрып қалуы жүк ағынының артуына байланысты.

Қырғыз-қазақ шекарасындағы басқа өткізу пункттерінде адамдар мен көліктердің тұрып қалуы дерегі тіркелмеген.

15 шілдедегі мәліметке сәйкес, Қырғызстан-Қазақстан шекарасында 7 өткізу пункті жұмыс істейді: Шу облысындағы "Ақ-Жол – автожол", "Ақ-тілек – автожол", "Чалдыбар – автожол", "Кең-Булун – автожол", "Тоқмок – автожол", Талас облысындағы "Чон-Капка – автожол" және Ыстықкөл облысындағы "Қарқыра-автожол". 

Жүк көліктері "Ақ-тілек – автожол", "Чалдыбар – автожол", "Чон-Капка – автожол" және "Қарқыра – автожол" өткізу пункттері арқылы өтеді, ал бос жүк көліктері Қырғызстаннан Қазақстанға "Кең – Булун – автожол" өткізу пункті арқылы өте алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу