Қырғыз көшбасшысы Мысырдағы пирамидаларды аралады

91

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Каир маңындағы әйгілі Гиза пирамидалары кешеніне барды.  

Қырғыз көшбасшысы Мысырдағы пирамидаларды аралады Фото: www.president.kg

Президент баспасөз қызметінің мәліметінше, пирамидалар кешеніне бару сапары 5 қараша күні Мысыр Араб Республикасына жасалған ресми сапардың мәдени бағдарламасы аясында өткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Мемлекет басшысына ежелгі өркениеттің және Мысырдың мәдени мұрасының символы саналатын пирамидалардың тарихы жөнінде баяндалды", – делінген ресми ақпаратта.

Сонымен қатар Садыр Жапаров 1 қараша күні Мысыр Президенті салтанатты түрде ашқан Ұлы Мысыр музейіне арнайы соғып, тарихи жәдігерлермен танысты.

"Садыр Жапаров музейдің Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырып, жылы қабылдау мен ұлы өркениет тарихымен танысу мүмкіндігі үшін мысырлық тарапқа алғысын білдірді", – деп хабарлады Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу