Қырғыз-қытай шекарасында екінші БӨП іске қосылды

480

Қырғыз-қытай шекарасында коронавирустық пандемияға байланысты үш жыл жұмыс істемеген бақылау-өткізу пункті жұмысын қайта бастады.  

Қырғыз-қытай шекарасында екінші БӨП іске қосылды

Бұл туралы бүгін ТАСС Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) Шекара қызметіне сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады Inbusiness.kz. 

"Қырғыз Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің Ақпарат және коммуникациялар басқармасы қытай тарапының бастамасы бойынша 2023 жылғы 9 қаңтардан бастап ҚХР-ға кіру тәртібіне кейбір өзгерістер енгізіліп жатқанын хабарлайды. Мемлекеттік шекараның қырғыз-қытай учаскесінде орналасқан "Иркештам — автожол" өткізу пункті қайта ашылды", - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, екі мемлекеттің шекарасында — "Торугарт-автожол" атты екінші шекаралық БӨП жұмысын жалғастыруда. Оның жұмысы "көлік құралдары мен жүктердің ҚХР-дан Қырғыз Республикасына өтуін ғана көздейтін ерекше алгоритмге сәйкес" жүзеге асырылатыны хабарланды.

Қырғыз-қытай шекарасының ұзындығы 1 мың шақырымнан асады. Жер бедерінің күрделі болуына байланысты онда тек екі шекаралық өткізу пункті орналасқан. 2020 жылдың көктемінде коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты азаматтардың осы бақылау-өткізу пункті арқылы өтуі тоқтатылды. Тек жүктерді тасымалдауға рұқсат етілді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу