Қырғыз өнімі Ресейге Қазақстан арқылы тасымалданады

967

Қырғыз өнімі Ресейге Қазақстан арқылы тасымалданады

Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге өңделген сүт, дайын ет және балық өнімдерін жеткізуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды 24Хабар.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаева мәлімдеді. Көрші елдің 15 кәсіпорны Ресей нарығыеа және 8 кәсіпорны Қазақстанның оңтүстік аймағына осы ветеринарлық бақылауға жататын тауарларын жеткізеді. Дегенмен, қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасы аумағында санитарлық-ветеринарлық бақылау әлі де сақталған. Қырғыз елі бақылаудағы өнімін Ресейге, Қазақстан арқылы пойызбен ғана тасымалдайды. Оған еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігі рұқсат беріп отыр.

"Бұл шешімге өткен жылдың 26 желтоқсанында Санкт-Петербургтегі Еуразиялық экономикалық одақтың Жоғары кеңесінің экономикалық комиссиясында қол жеткізілді. Оған сәйкес, Қырғызстан ауылшаруашылық өнімдерінің 102 тауары еліміз арқылы Ресейге, ары қарай Беларусь нарықтарына шыға алады", – деп мәлім етті ҚР ауыл шаруашығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу