Қырғыз-өзбек шекарасында жер сілкінісі тіркелді

901

Қырғызстан мен Өзбекстанның шекаралас ауданында жұма күні Алматы уақытымен 07:38-де 4,6 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады Қазақстан ТЖМ Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы. 

Қырғыз-өзбек шекарасында жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісінің эпицентрі – Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 437 км қашықта, 10 км тереңдікте. 

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.1. Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік 40.97 градус, шығыс бойлық 72.57 градус.

Сейсмологтардың айтуынша, сілкініс МСК-64 12 балдық шкаласы бойынша сезілетіндей елеулі болмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу